Түркістанда «Өнегелі ұрпақ» экологиялық іс-шарасы өтті
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Түркістан қаласында «Өнегелі ұрпақ» атты экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Шараға 500-ден астам студент пен жас депутат қатысып, Қызылорда тас жолының бойындағы Қарашық өзенінің айналасын тұрмыстық қалдықтардан тазартып

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Түркістан қаласында «Өнегелі ұрпақ» атты экологиялық іс-шара ұйымдастырылды.
Шараға 500-ден астам студент пен жас депутат қатысып, Қызылорда тас жолының бойындағы Қарашық өзенінің айналасын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, табиғи ортаның сақталуына өз үлестерін қосты.
Игі бастама жастарды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, тазалық пен тәртіпке тәрбиелеуге, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығы қағидатын дәріптеуге бағытталған.
Қала тұрғындары мен белсенді жастарды табиғатты қорғауға, Қарашық өзенінің маңын таза ұстауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырамыз.
Ұқсас материалдар

Түркістан қаласы
Түркістанда «Senat Open» шахмат кубогының іріктеу кезеңі аяқталды
Todayinfo редакциясы·

Түркістан қаласы
«Таза Қазақстан» – болашаққа бастар жарқын қадам!
Todayinfo редакциясы·

Түркістан қаласы
Түркістанда «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Қарашық өзенінің бойы тазаланды
Айғаным Нариманова·

Түркістан қаласы
Түркістан қаласында «Гүлдер патшайымы» референдумға қатысты
Мейіржан Әуелханұлы·