Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Түркістандағы қой көрмесінде бір қошқар 30 мың долларға бағаланды

Бүгін Түркістанда халықаралық асыл тұқымды қой көрмесі өз жұмысын бастады.Көрмеге Ресей, Молдова, Монғолия, Өзбекстан және тағы басқа елдерден 200-ге жуық мамандар және еліміздің түрлі аймақтарынан келген қой өсірушілер қатысуда, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттвқ агенттігі. Көр

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Түркістандағы қой көрмесінде бір қошқар 30 мың долларға бағаланды
Бүгін Түркістанда халықаралық асыл тұқымды қой көрмесі өз жұмысын бастады.Көрмеге Ресей, Молдова, Монғолия, Өзбекстан және тағы басқа елдерден 200-ге жуық мамандар және еліміздің түрлі аймақтарынан келген қой өсірушілер қатысуда, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттвқ агенттігі. Көрмеге бес жүзден астам асыл тұқымды қой, қошқарлар әкелінген. Оның қорытындысы бойынша етті-майлы қой тұқымдарының ең салмағы ауыры, ең бойы биігі т. Б анықталып, жеңімпаз атанған қошқар 30 000 АҚШ долларымен марапатталады. Сыйлық қорында мұнан басқа 15 мотоцикл, 15 теледидар, 15 тоңазытқыш бар. Көрмеде Гиннесс рекордтар кітабына енген «Байсары» атты асыл тұқымды қой тұқымы алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды. Бұл тұқым еттілігімен ерекше. «Байсары» тұқымды ең үлкен қошқардың салмағы 231 кг тартқан. Айта кетейік, Халықаралық қой көрмесі осымен 5 жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Көрме барысында асыл тұқымды малдарды сатып алу туралы түрлі келіссөздер де өтуде. Асыл тұқымды қойлардың бағасы 100-150 мың теңгеден басталып, 5000 АҚШ долларына дейін жетеді. Фото: freepik

Ұқсас материалдар