Түркістандық оқушылар үзіліс кезінде ұлттық спорт түрлерімен айналысады
Түркістан қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ұлттық спорт түрлеріне қызығушылығы жоғары. Онда шәкірттер садақ ату, ләңгі тебу, гір тасын көтеру, арқан тарту мен тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерімен айналысады. Білім ордасының директоры Айгүл Бабашеваның бастам

Түркістан қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ұлттық спорт түрлеріне қызығушылығы жоғары. Онда шәкірттер садақ ату, ләңгі тебу, гір тасын көтеру, арқан тарту мен тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерімен айналысады. Білім ордасының директоры Айгүл Бабашеваның бастамасымен құрылған «Орда» жобасының балаларға берері көп. Басты мақсат- оқушылар арасында ауызбіршілік пен ұлттық құндылықтарға деген ынтаны арттыру.
Оқушылар ұлттық спорт түрлерінен ғана емес, зияткерлік сайыстары мен мәдени іс-шараларда да белсенділік танытып келеді. Оқу жылының соңында әр бірлестіктің ұпай сандары жинақталып, ең жоғары ұпай жинағанына «Орда» кубогы мен еліміздің көрікті жерлеріне саяхаттауға жолдама табыс етілмек. Сондай-ақ, тоқсандағы жетістіктері үшін де әр бірлестікке мәдени орталықтарға билеттер беріледі.
Ұқсас материалдар

Түркістан облысы
Түркістан қаласында 512 отбасы баспаналы болды
Жаннұр Еділбаева·

Түркістан облысы
Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады
Todayinfo редакциясы·

Түркістан облысы
Алқаптардағы «айқас»: 9 ауданда жалпы 275 мың гектар өңделді
Жаннұр Еділбаева·

Түркістан облысы
Су үнемдеу – басты назарда: Шардарада агросала мәселелері талқыланды
Жаннұр Еділбаева·