Түркияда ер адам әйелін электрлі арамен өлтірді
Фото: ankaramasasi.com.tr Түркияда үйленгендеріне небәрі екі ай болған Халит Жан мен Севжан Демир Сакманның отбасылық өмірі қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Ankaramasasi басылымының мәліметінше, некелескеннен кейін ерлі-зайыптылар қаржылық қиы

Фото: ankaramasasi.com.tr
Түркияда үйленгендеріне небәрі екі ай болған Халит Жан мен Севжан Демир Сакманның отбасылық өмірі қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Ankaramasasi басылымының мәліметінше, некелескеннен кейін ерлі-зайыптылар қаржылық қиындықтарға тап болып, жиі ұрыса бастаған. Кезекті жанжал кезінде Севжан күйеуін пышақпен қорқытқан, ал Халит Жан оған электрлі арамен шабуыл жасаған. Ер адам әйелінің мойын тұсынан ұрып, өлімші етіп сабаған.
Айғайлаған дауысты естіген көршілер полиция шақырып, оқиға орнына жеткен құқық қорғау органдары әйелдің денесін Анталия медициналық орталығының мәйітханасына жеткізді. Қайғыдан қан жұтқан Севжанның анасы "Енді қалай өмір сүремін? Баламды өлтіріп тастады" деп көз жасын төкті.
Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылардың екеуі де медицина саласында қызмет еткен. Халит Жан – мейіргер, ал Севжан – мейірбике болған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·