Түркиядағы дүрбелең: қамаудағы Стамбул мэрін қолдаған жүздеген мың тұрғын Анарада шеруге шықты
Түркия астанасы Анкарада ұсталған Стамбул мэрі Экрем Имамоғлыны қолдауға наразылық акциясы өтіп жатыр. Жалау ұстап, ұрандатқан жүздеген мың адам Анкара көшелеріне шықты, деп хабарлайды Todayinfo. Оған ірі оппозициялық Халықтық-республикалық партияның (ХРП )жақтастары, зиялы қауым

Түркия астанасы Анкарада ұсталған Стамбул мэрі Экрем Имамоғлыны қолдауға наразылық акциясы өтіп жатыр. Жалау ұстап, ұрандатқан жүздеген мың адам Анкара көшелеріне шықты, деп хабарлайды Todayinfo.
Оған ірі оппозициялық Халықтық-республикалық партияның (ХРП )жақтастары, зиялы қауым өкілдері, белсенділер мен құқық қорғаушылар қатысады. Олар орталықтағы Қызылай ауданынан парламент ғимаратына қарай жылжып, заңның үстемдігі туралы ұрандар айтумен болды.
Стамбул мэрі Экрем Имамоғлы сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықпен және пара берумен айналысқан қылмыскер ретінде ұсталды. Шындығында, ол қазіргі президент Эрдоганға қарсы жалғыз және басты қарсылас саналады. Қамаудағы саясаткер биліктің қысымына бола берілуге ниеті жоқ екенін мәлімдеді.
Ұқсас материалдар

Саясат
Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заң нормалары түсіндірілді
Todayinfo редакциясы·

Саясат
Тоқаев Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Айғаным Нариманова·

Саясат
Алматыда мемлекеттік қызмет жаңғырады: Дархан Жазықбай реформаларды таныстырды
Todayinfo редакциясы·

Саясат
Құрылтай, Вице-Президент және Халық Кеңесі: жаңа заңдар күшіне енеді
Айғаным Нариманова·