Todayinfo.kz
Шоу бизнесБарлық жазбаларды қарау

Тұңғышбай Әл-Тарази: "Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап, Сағиыңды сағынып..."

Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің қазасы туралы жантебірентерлік жазба арнады. "Асқар тауымыз едің - аласармадың... Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап мұң байладың... Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың... Қатарыңн

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Тұңғышбай Әл-Тарази: "Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап, Сағиыңды сағынып..."
Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің қазасы туралы жантебірентерлік жазба арнады. "Асқар тауымыз едің - аласармадың... Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап мұң байладың... Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың... Қатарыңнан жалғыз едің - соңдарынан кеттің... Қатарымнан жалғызбын - арттарында қалдым.... Ағалық жасап арқамнан қақпадың - әлжуаздықтан сақтадың...Көкем болып, көңілімді өсірмедің - кішілігім кем боп жақпадым... Жерлес ретінде жығылғанымда жебемедің - өз күшіме сендірдің... Сүйеніш болмадың - жансірілікке үйреттің... Тірегім болмадың - табаным таймастай тағаладың... Белімді бумадың - бекемдікке баулыдың... Алдымда жүріп, адымымды ұзарттың... Соңыңда қалдырмадың - ізіңде жүргенімді сездің... Қатарымды тептің... Тізеңді батырдың - Мен кештім... Биіктігіңе парапар, Пенделігіңді көрдім - Өзің де кеш... Өкпеге қисам да, Өлімге қимадым... Сарыуайым - Сағынышқа айналдың... Қош... Бақыл бол..."

Ұқсас материалдар

Тұңғышбай Әл-Тарази: "Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап, Сағиыңды сағынып..." · Todayinfo