«Облыс мәртебесін алғаннан кейін Семей қаласында халық саны өсті. Көлік қозғалысы да көбейді. Сондықтан тұрғындар бұл көпірдің тезірек пайдалануға берілгенін күтіп отыр. Құрылысты сапалы жүргізіп, белгіленген мерзімде аяқтау керек», – деді Берік Уәли.
«Тұрғындар күтіп отыр»: Берік Уәли Семей көпірін уақытылы аяқтауды тапсырды
Фото: облыс әкімдігі Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жаңа көпірдің құрылысымен танысып, жұмыс барысын бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Қазіргі таңда көпір құрылысында екі ауысымда 130

Фото: облыс әкімдігі
Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жаңа көпірдің құрылысымен танысып, жұмыс барысын бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Қазіргі таңда көпір құрылысында екі ауысымда 130-дан астам адам еңбек етуде. 9 тіреудің 5-еуі орнатылып, көпір өткелінің металл конструкциялары құрастырылып жатыр. Жыл соңына дейін негізгі бөлігі аяқталып, келесі жылы асфальт төселмек.
Облыс әкімі бұл көпірдің Семей қаласы үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. Жобаның қымбаттауына байланысты қосымша қаржыландыру мәселесі қарастырылып, оны республикалық меншікке беру мүмкіндігі талқылануда.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·