Todayinfo.kz
ЭкономикаБарлық жазбаларды қарау

Тұрғын үй кезегі: Отбасы банкінің басшысы оны тездету жолдарын айтты

Қазақстанда миллионға жуық адам баспана кезегінде тұр. Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова бұл жүйенің кемшіліктерін атап, кезекті қалай тездетуге болатынын түсіндірді.

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Тұрғын үй кезегі: Отбасы банкінің басшысы оны тездету жолдарын айтты
📷 Фото: ©ИИ (gemini)

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған миллионға жуық адамның үштен бірі әлеуметтік осал топтарға жатады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Отбасы банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова бұрынғы жүйенің неліктен сәтсіздікке ұшырағанын және банктің қазіргі кезекке қатысты көзқарасын қалай өзгертіп жатқанын айтып берді.

Ләззат Ибрагимова Қазақстандағы тұрғын үй кезегі жүйесінің қалай жұмыс істейтінін, мемлекеттің барлығына бірдей жағдай жасауға міндетті емес екенін және скорингсіз ипотека алу үшін не істеу керектігін түсіндірді.

«Бізге әкімдіктерден берілген алты жүз мың ескі кезектің ішінен екі жүз қырық мыңға жуығы әлі табылған жоқ. Адамдар не әдейі түгендеуден өткісі келмейді, не шетелге кеткен, не баспана сатып алған. Баспана сатып алғандардың елу мыңға жуығын кезектен шығардық», — деді Ибрагимова.

Банк енді адамдардың өздері келуін күтпейді. Енді кезектілерді іздестіріп, оларға хабарлама жіберіп, келіп мәселесін шешуді ұсынады.

«Жетім балалардың тәрбиешілері балалар үйінде оларды уақытында кезекке қойғанын ұмытып кеткен немесе білмеген жағдайлар көп болды. Олар қазір келіп, жалдамалы баспанаға құжат алып жатыр», — деп қосты ол.

Ұқсас материалдар

Тұрғын үй кезегі: Отбасы банкінің басшысы оны тездету жолдарын айтты · Todayinfo