"Біз Президенттің тапсырған мақсаттарына қол жеткізіп, жүргізіліп жатқан реформалардың сапасы мен қарқынын қамтамасыз етуіміз қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет Парламентпен бірлесіп, жедел түрде бірқатар заңдар мен заңға тәуелді актілерді жаңа Конституцияға сәйкестендіруі тиіс. Ең алдымен, 5 жаңа конституциялық заң қабылданып, қолданыстағы 8 конституциялық заңға және 60-тан астам заңға, соның ішінде кодекстерге өзгерістер енгізу жоспарланып отыр", – деді Премьер-министр.Оның айтуынша, сондай-ақ Конституцияны насихаттау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту қажет. "Бұл Конституцияны жаппай басып шығаруды, оны баршаға қолжетімді электронды платформаларда жариялауды, сондай-ақ білім беру саласына арналған әдістемелік ұсынымдар мен оқу құралдарын әзірлеуді қамтиды. Сонымен қатар елдің жаңа Негізгі заңы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет", – деді Олжас Бектенов.
Үкімет жаңа Конституцияға байланысты 60-тан астам заңға өзгерістер енгізеді
Үкімет отырысында заңдарды жаңа Конституцияға сәйкестендіру талқыланды. Енді 60-тан астам заңға өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевтың айтуынша, бұл ж

Үкімет отырысында заңдарды жаңа Конституцияға сәйкестендіру талқыланды. Енді 60-тан астам заңға өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевтың айтуынша, бұл жаңа Конституция қағидаларын толық іске асыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Конституцияны насихаттау бойынша арнайы жоспар әзірленеді. Оның аясында Негізгі заң жаппай басылып шығарылады. Ашық электронды платформаларға орналастырылады. Әрі білім беру саласына арналған әдістемелік ұсынымдар мен оқу құралдары дайындалады.
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов референдумнан кейінгі алдағы қадамдар туралы айтты. Оның айтуынша, Үкімет Президент командасы ретінде қойылған мақсаттарға қол жеткізіп, жүргізіліп жатқан реформалардың сапасы мен қарқынын қамтамасыз етуі қажет.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·