Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Үлкендер кішілерге тиісуі мүмкін: Көкшетауда директор мектеп дәретханасына бейнекамера орнатқан

Көкшетау қаласындағы №6 мектеп-лицейінде барлық дәретханаға бейнекамералар орнатылды. Бұл бастамаға қарсылық білдіріп жатқандар бар. Бірақ кейбірі бейнебақылаудың болғанын қолдап жатыр, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі sinegor.kz -ке сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде жарияланған

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Үлкендер кішілерге тиісуі мүмкін: Көкшетауда директор мектеп дәретханасына бейнекамера орнатқан
Көкшетау қаласындағы №6 мектеп-лицейінде барлық дәретханаға бейнекамералар орнатылды. Бұл бастамаға қарсылық білдіріп жатқандар бар. Бірақ кейбірі бейнебақылаудың болғанын қолдап жатыр, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі sinegor.kz-ке сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода дәретхананың бұрышына бейнекамераның орнатылғаны анық көрініп тұр. Бірақ кабинкалардың есігі жабылса, іші көрінбейді. Кейбір ата-ана бұл бастаманы қолдап отыр.
"Өте дұрыс, қолдаймын. Ерікеннің ермегі емес, оқушылардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр. Туалетте улкен балалар кіші балаларға тиісуі мүмкін", - деп жазды олардың бірі.
Мектеп әкімшілігі бейнебақылаудың тек ұлдар баратын дәретханаларға орнатылғанын растады. Оны қауіпсіздік үшін жасап отыр. Себебі бұған дейін мүлікті қирату фактісі болған. Сондай-ақ дәретханада жасөспірімдер екі рет төбелескен.
"Құрметті ата-аналар! Бұл – алдымен балалардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өздеріңіз білесіздер, барлық тәртіп бұзушылықтар әжетхана ішінде болады. 25 қарашада ата-аналар комитетінің төрағаларымен жиналыс өткіземіз. Сонда видео арқылы тек әжетхананың дәлізі ғана түсіп тұратыны көрсетіледі. Біз балалардың құқығы бұзылмағандығын көрсетіп, түсіндіреміз", - дейді мұғалімдер.
 

Ұқсас материалдар

Үлкендер кішілерге тиісуі мүмкін: Көкшетауда директор мектеп дәретханасына бейнекамера орнатқан · Todayinfo