Үржар ауданында жылына 50-70 тонна балық пен 3,5 тонна қаз еті өндірілмек
Абай облысы әкімі Берік Уәли ауданға жұмыс сапары барысында Шолпан ауылындағы «Береке» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер Бекзат Баймұхаметұлы жеке өз қаражаты есебінен жалпы құны 55 миллион теңгені құрайтын тауарлы балық және құс шаруашылығын дамытуды қолға алды.

Абай облысы әкімі Берік Уәли ауданға жұмыс сапары барысында Шолпан ауылындағы «Береке» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.
Жеке кәсіпкер Бекзат Баймұхаметұлы жеке өз қаражаты есебінен жалпы құны 55 миллион теңгені құрайтын тауарлы балық және құс шаруашылығын дамытуды қолға алды. Қожалықта негізінен ақ амур мен тұқы балығы өсіріледі.
Қазіргі таңда 2 гектар аумаққа тоған салынып, 20 мың дана шабақ жіберілген. Жоба шеңберінде қонақүй салынған.
Бүгінде үй құстарына арналған қораның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаға 16 гектар жер бөлінген. Ал өндірістік нысанда 5 адам жұмыспен қамтылатын болады. Жалпы Үржар ауданында осы іспеттес 3 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.
Кәсіпкер жобаны толық іске қосу үшін екі бағытта мемлекеттік қолдауға мұқтаж екенін жеткізді. Облыс әкіміне өндірістік аймаққа электр жарығын тартуға, «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алуға көмек көрсетуді сұрады.
Аймақ басшысы жобаның маңызын атап өтіп, кәсіпкерге мемлекеттік бағдарламалар аясында көмек көрсетілетін айтты.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Түркістандағы зияткерлік дода: «Senat Open» ІІІ шахмат кубогы басталды
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
В Астане началась работа V Евразийского экономического форума
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Ертіс көпірінде бір топ баланы көлік қақты
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Алматыда Роза Бағланова тұрған үйге мурал салынды
Айғаным Нариманова·