Жағдайы ауыр болған: Ұлттың үні атанған Мұхтар Шаханов 84 жасына қараған шағында өмірден өтті
Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы және қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 83 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Оның соңғы кездері ауыр халде жатқаны хабарланған.

Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл қаралы хабарды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі растады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Соңғы апталарда ақынның денсаулығы сыр беріп, жағдайының ауыр екені хабарланған болатын. Бұған дейін оның жақын достары мен ақын атындағы қордың төрағасы Нұржігіт Ысқақ Шахановтың жансақтау бөліміне түскенін жазған еді.
Мұхтар Шаханов – тек қазақ әдебиетінің ғана емес, сонымен бірге ұлттық рухтың символына айналған тұлға. Ол өзінің шығармаларында қоғамдағы өзекті мәселелерді, әсіресе Желтоқсан оқиғасының шындығын батыл көтерген қаламгер ретінде тарихта қалды.
Мұхтар Шаханов – шоқтығы биік шығармалар жазып, поэзияны азаматтық ұстаныммен ұштастыра білген біртуар тұлғалардың бірі еді.
Оның өлең әлеміне өрісті өрнек, жаңаша тыныс әкеліп, қазақ поэзиясының дамуына өзіндік жаңалық, тереңдік дарытқан шығармалары руханиятымыздың құнды қазынасына айналды.
Қоғамдағы күрделі мәселелерге үн қосып, ел мен жер тағдырына қатысты ойлы да отты пікір айтып, өзіне ғана тән азаматтық биік ұстанымның үлгісін көрсетті.
Мұхтар Шахановтың қайсар мінезі, өр рухы, әділет жолындағы табандылығы мен елдік мүдде алдындағы адалдығы жұрт жадында мәңгі сақталады.
Мұхтар Шаханов - қазақ мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан заңғар тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлт руханиятына арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. Шығармалары әлемнің 50-ден астам тілінде жарық көрді.
Әлеуметтік желіде әріптестері мен бүкіл қазақ жұртшылығы ақынның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтып жатыр.
Фото: Әлеуметтік желіден
Ұқсас материалдар

Өзекті жазбалар
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
Айдар Керім·