Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

«Ұлымның қалай өлтірілгенін көзіммен көрдім»: Шерзат Полаттың анасы сотта ауыр шындықты айтты

Талғар қаласында орын алған жаппай төбелес кезінде қаза тапқан мектеп оқушысы Шерзат Полаттың анасы сотта ауыр шындықты жайып салды. Ол сот процесінде ұлының аяусыз соққыға жығылғанын өз көзімен көргенін айтып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Әйел

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Ұлымның қалай өлтірілгенін көзіммен көрдім»: Шерзат Полаттың анасы сотта ауыр шындықты айтты
Талғар қаласында орын алған жаппай төбелес кезінде қаза тапқан мектеп оқушысы Шерзат Полаттың анасы сотта ауыр шындықты жайып салды. Ол сот процесінде ұлының аяусыз соққыға жығылғанын өз көзімен көргенін айтып, көз жасына ерік берді,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Әйелдің айтуынша, ол қайын енесімен бірге Талғардағы «Камажай» дүкеніне келгенде, оқиға орнында 10–15 адамнан тұратын топ төбелес жасап жатқан. Сол сәтте біреу «Жасаңдар!» деп айқайлап, қалғандары Шерзатқа жабыла кеткен.
«Менің баламды ұрып жатқанда, мені екі жігіт ұстап тұрды. Жақындауға мүмкіндік бермеді, егер аралассам, мені де өлтіреміз деп қорқытты», – деді анасы.
Оның айтуынша, Шерзаттың аузынан қан кеткенін көрген. Бала басынан бірнеше рет тепкіленген, ал анасы жігіттерден сытылып шығып, баласын қорғауға тырысқанымен, тым кеш болған.
«Мен жүгіріп бардым, үстіне жабысып, денеммен жауып, соққылардан қорғаштадым», – деді ол жылап.
Шерзат Полаттың анасының сөзі сотта жәбірленушілерден алынған негізгі куәліктердің бірі болды. Аталған іс бойынша тергеу жалғасуда. Көпшіліктің ашу-ызасын тудырған бұл оқиға қоғамда кеңінен талқыланып, зорлық-зомбылықпен күрес мәселесін қайта көтерді.    

Ұқсас материалдар

«Ұлымның қалай өлтірілгенін көзіммен көрдім»: Шерзат Полаттың анасы сотта ауыр шындықты айтты · Todayinfo