Ұлытауда АӨК форумы өтті: фермерлер мен билік өкілдері агросаланы дамытудың жолдарын талқылады
Бүгін Ұлытау облысында билік өкілдері, аграрлық саланың мамандары және сарапшылар қауымдастығы арасында ашық диалогқа арналған «Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз» облыстық АӨК форумы өтті, деп хабарлайды Todayinfo. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-минис

Бүгін Ұлытау облысында билік өкілдері, аграрлық саланың мамандары және сарапшылар қауымдастығы арасында ашық диалогқа арналған «Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз» облыстық АӨК форумы өтті, деп хабарлайды Todayinfo.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, облыс әкімі Дастан Рыспеков, ҚР Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары, облыстық мәслихат депутаттары, жергілікті фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты.
Форум жұмысы «AgroQazaq: Техника. Өнім. Болашақ» көрмесінен басталды. Көрмеде ауыл шаруашылығы техникасы және «Бір ауыл – бір өнім» жобасының облыстық кезеңіне қатысушы жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдері ұсынылды. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өзекті мәселелері форумның пленарлық сессиясында талқыланды.
Сессияға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев, Қазақстан фермерлерінің республикалық қауымдастығы басқармасының төрағасы Жигули Дайрабаевқатысты. Форумның негізгі тақырыптары фермерлерді сапалы ресурстармен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, ирригациялық жүйелерді дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын жаңғырту және өндірістік процестерге цифрлық технологияларды енгізу мәселелерін қамтыды.
Сондай-ақ инновациялық жобалар шеңберінде мал шаруашылығы саласындағы заманауи қолдан ұрықтандыру әдістерінің инновациялық бағдарламасы таныстырылды. Талқылау қорытындысы бойынша Ұлытау облысының агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуетін арттыруға және өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді. Форум аймақтың фермерлік және ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамытуға бағытталған тәжірибе алмасу, мәселелерді талқылау және бірлескен бастамаларды қалыптастыру үшін нәтижелі алаң болды
Ұқсас материалдар

Ұлытау облысы
Ұлытау облысының әкімі Сәтбаевтағы маңызды жобалардың жүзеге асуын тексерді
Жаннұр Еділбаева·

Ұлытау облысы
Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен өңір ақсақалдарымен кездесті
Жаннұр Еділбаева·

Ұлытау облысы
Юные художники из Казахстана покорили Лондон и вошли в число лучших талантов мира
Жаннұр Еділбаева·

Ұлытау облысы
Кәсіби мерекеде ұлытаулық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды
Жаннұр Еділбаева·