Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметкері Кандис Ардиел Ливанның оңтүстігіндегі соғыс аймағындағы өмірін бейнекүнделікке түсіріп, әлемге көрсетті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Израиль әскерінің шабуылы оның Тир қаласындағы пәтерін қиратып, Ардиел Накурадағы БҰҰ кеңсесіне көшуге мәжбүр болды. Бейнежазбада ол атыс астындағы өмірдің қиындықтарын баяндайды: мәжбүрлі эвакуация, жақын жердегі жарылыстар және мысығын тастап кетуге тура келгені.
«Біз үнемі бомбалау астында өмір сүреміз. Әр секунд сайын өлім қаупі төніп тұр. Бірақ біз өз жұмысымызды жалғастырамыз», — дейді Ардиел.
Бейнекүнделік Al Jazeera арнасында жарияланды. Кандис Ардиел БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштерінің құрамында жұмыс істейді.




