Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

"Ұнамаса көшіп кет!": Экс-қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

«Мемлекет Басшысының өкімімен Жақсылықов Руслан Фатихұлы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында. Еске салайық, 8 маусым күні Президент Тоқаевтың Жарлығымен Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі қ

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
"Ұнамаса көшіп кет!": Экс-қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

«Мемлекет Басшысының өкімімен Жақсылықов Руслан Фатихұлы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Еске салайық, 8 маусым күні Президент Тоқаевтың Жарлығымен Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі қызметінен босатылған болатын.

Tengrinews.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында ол отставкасына қатысты пікір білдіріп, былай деген:

«Білесіздер, әр офицердің өмірінде бір сәт келеді – өз ұжымымен, әскери бөліммен қоштасатын. Мен өз отставкамды талқыламаймын, өйткені бұл – Президенттің шешімі. Белгіленген міндеттерді орындадым. Енді аздап демалып, жұмысымызды жалғастырамыз», – деген еді Жақсылықов.

Кейін әлеуметтік желілер мен кейбір Telegram-арналарда экс-министрдің қамауға алынғаны туралы жалған ақпарат тарады. Алайда Руслан Жақсылықов Tengrinews.kz тілшісіне телефон арқылы сұхбат беріп, қамауға алынбағанын және ІІМ уақытша ұстау изоляторында болмағанын мәлімдеген. Оның айтуынша, қазір ол отбасымен бірге Астанада демалыста.

Ұқсас материалдар