Жеңіс күні қарсаңында Алматыда тұратын ҰОС ардагерлеріне 2 миллион теңгеден берілетін болды. Ардагерлерге берілетін ақшаның мөлшері Алматы қалалық Мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Алматыда қала әкімінің тапсыр
Жеңіс күні қарсаңында Алматыда тұратын ҰОС ардагерлеріне 2 миллион теңгеден берілетін болды. Ардагерлерге берілетін ақшаның мөлшері Алматы қалалық Мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды
Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Алматыда қала әкімінің тапсырмасымен ҰОС ардагерлеріне 2 миллион теңгеден төленеді.
«Алматы мәслихатының VIII шақырылған депутаттарының кезектен тыс XVI сессиясында мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлем мөлшерін 2 миллион теңгеге дейін арттыру туралы бастамасын бірауыздан қолдады», - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жыл сайын Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай ардагерлерге 1 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленеді.
«Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен біржолғы әлеуметтік көмекті 1 миллион теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылдаймыз. Биыл ардагерлер 2 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек ала алады», - деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.
Қазіргі таңда Алматыда 44 ҰОС ардагері тұрады. Алматы қаласы мәслихатының жеке шешіміне сәйкес, 2023 жылы ҰОС-ның 56 ардагеріне 1 миллион теңге және қосымша 500 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Алматы қаласының аудандық әкімдіктері екінші деңгейлі банктердегі шоттарына өтініштерді талап етпей, тізімге сәйкес беріледі.