Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

ҰҚК есебі: Қазақстан шекарасынан граната, мылтық және миллиондаған ақша өтпеді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаңтар айында мемлекеттік шекарада қару-жарақ пен оқ-дәріні заңсыз алып өтпек болған 25 әрекеттің жолын кесті.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
ҰҚК есебі: Қазақстан шекарасынан граната, мылтық және миллиондаған ақша өтпеді

Қаңтар айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы қару-жарақ пен оқ-дәріні заңсыз алып өтпек болған 25 әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Комитеттің хабарлауынша, шекарашылар құзырлы органдармен бірлесіп өткізген іс-шаралар кезінде 2 мылтық, 66 суық қару, 3 жарық-дыбыстық граната және 78 оқ-дәріні тәркілеген.

Жалпы, бір ай ішінде шекара аумағында заңнаманы бұзған 3026 адам ұсталса, оның 2594-і – шетел азаматтары.

Сондай-ақ, қару-жарақтан бөлек, шекарашылар тауарлар мен жүктерді заңсыз тасымалдауға қатысты 1062 әрекетті тоқтатқан. Атап айтқанда, көлемі 60 тоннадан асатын жанар-жағармай материалдарын контрабандалық жолмен тасымалдаудың 580 дерегі анықталды. Бұдан бөлек, сомасы 620 миллион теңгеден асатын халық тұтынатын тауарларды заңсыз әкелудің 376 фактісі және 860 миллион теңгеге жуық валютаны заңсыз алып өтудің 81 дерегі тіркелген.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

ҰҚК есебі: Қазақстан шекарасынан граната, мылтық және миллиондаған ақша өтпеді · Todayinfo