Todayinfo.kz
ОқиғаларБарлық жазбаларды қарау

Үшінші рет қылмыс жасаған: Шымкентте жас әйелді аса қатыгездікпен өлтірген еркек жазадан құтылып кетті

Сот 40 жастағы әйелдің өліміне қатысты істің нүктесін қойды

Авторы Айдар Керім··2 мин оқу
Үшінші рет қылмыс жасаған: Шымкентте жас әйелді аса қатыгездікпен өлтірген еркек жазадан құтылып кетті
📷 Коллаж: Qaz365.kz

Шымкентте 40 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот шешімі шықты. Бұған дейін бірнеше рет сотталған Нұрнияз Сарқұлов қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, арнайы психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеуге жіберілді, деп жазады Todayinfo.kz агенттігі Qaz365.kz сілтеме жасап.

Тергеу деректеріне зер салсақ, қайғылы оқиға биыл 28 қаңтар күні болған. Емханаға жол тартқан әйелге көшеде кенеттен шабуыл жасалған. Күдікті оған бірнеше рет пышақ салып, ауыр жарақаттаған. Сол сәтте оқиға орнына жеткен құқық қорғау органдары күдіктіні тоқтатуға мәжбүр болған.

Іс материалдарында оның бұған дейін де сотталғаны және психикалық ауытқуға байланысты есепте тұрғаны көрсетілген. Мамандар жүргізген сот-психиатриялық сараптама нәтижесінде Сарқұловқа параноидтық шизофрения диагнозы қойылған. Сот отырысында оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, қылмыстық жауапкершілікке тарту емес, медициналық тұрғыдан мәжбүрлеп емдеу шарасын қолдану қажеттігі айтылды. Марқұмның туыстары соттың бұл шешіміне қарсылық білдірмеді. Сот үкімімен Сарқұлов арнайы психиатриялық мекемеде интенсивті бақылаумен ем алатын болды.

Сотта судья былай деп шешім оқыды:

«Қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болғанына байланысты Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 2 бөлігінің 9-тармағында және 380-1 1 бабы, 2 бөлігінің 19-тармағында көзделген қоғамға қауіпті әрекетті жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылсын. Қылмыстық Кодекстің 91-бабының 1-бөлігінің 1-тармағы, 92-бабынан 93-бабының 4-бөлігіне сәйкес Сарқұловқа интенсивті байқайтын мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеу түрі тағайындалсын. Қылмыстық іс өндірістен тоқтатылсын. Қаулыны орындаушы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының психикалық денсаулық орталығына жолдансын.Сарқұловқа психикалық көмек көрсететін арнаулы медициналық мекемеге орналастыру ретінде қабылданған қауіпсіздік шаралары медициналық мекемеге жеткізгеннен кейін тоқтатылсын. Сарқұловтың заңды өкілі процестік шығындардан босатылсын. Олар мемлекеттің есебіне қабылдансын», — деді судья.

Сондай-ақ сот сараптамасының қорытындысы да жария етілді:

«Сот-психологиялық және сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Сарқұловқа шизофренияның параноидтық түрі диагнозы қойылған. Мамандардың қорытындысы бойынша, ол оқиға кезінде өз әрекетінің мәнін толық түсіне алмаған және оны бақылай алмаған. Сондай-ақ, оның психикалық жағдайына байланысты өз іс-әрекетіне жауап бере алмайтыны анықталып, мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеуді қажет етеді. Сарқұлов психикалық жағдайына байланысты тергеу мен сот алдында жауап бере алмайды. Көрсетілген сараптаманың дұрыстығы және объективтілігі қандай да бір күмән туғызбайды. Керісінше бұл мән-жайлар сот талқылауында талқыланған нақты және объективті деректер жиынтығымен толық бекітілген. Басты сот талқылауында тараптар пікірінде прокурор Сарқұловқа ҚК-тің 6-бабына сәйкес, оның қоғамға қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болғанына байланысты ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінде және 380-1 1 бабында көзделген қоғамға қауіпті әрекетті жасағаны үшін қылмыстық жауаптан босатылып, оған Қылмыстық Кодекстің 93-бабының 4 бөлігіне сәйкес оған интенсивті мамандандырылған үлгідегі психикалық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрін тағайындап, қылмыстық істерді тоқтуды сұрады. Басты сот талқылауында тараптар пікірінде жәбірленуші Сибириннің Сарқұловты өмір бойына соттауды сұраған уәжі негізсіз. Себебі оның психикалық ауруына байланысты жаза тағайындауға жатпайды. Қылмыстық Кодекстің 16-бабының 1 бөлігіне сәйкес, осы осы кодексте көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған. Яғни, созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы ақыл-есінің кемдігі, психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің әрекетінің іс жүзінде қоғамға қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға жатпайды», — деді судья.

Ұқсас материалдар