Ұстаз Мадияр Серікбаев туралы бұрын-соңды айтылмаған құпияны бөлісті
Танымал ұстаз, дінтанушы Оралхан Сейдманов "Өнер қырандары" театрының жетекшісі Мадияр Серікбаев туралы еш жерде айтылмаған сырды ашты. Ол актердің студенттік шағынан бастап дінге қалай бет бұрғанын және өміріндегі ауыр кезеңдерді баяндады, деп хабарлайды Todayinfo. Мадияр Серікб

Танымал ұстаз, дінтанушы Оралхан Сейдманов "Өнер қырандары" театрының жетекшісі Мадияр Серікбаев туралы еш жерде айтылмаған сырды ашты. Ол актердің студенттік шағынан бастап дінге қалай бет бұрғанын және өміріндегі ауыр кезеңдерді баяндады, деп хабарлайды Todayinfo.
Мадияр Серікбаевтың мешітке келуі
Ұстаздың айтуынша, актер студент кезінде Таугүл мешітіне барып, уағыз тыңдаған және мешітте таратылатын тегін астан дәм татқан.
«Мадияр мырза оқып жүрген кезінде Таугүл мешітіне келіп, тегін тамақ жеп кететін. Қасына достарын ертіп келіп, уағыз тыңдайтын. Сөйтіп жүріп, дін жолына түсіп кетті», – деді Сейдманов.
Өмірден алынған кино көріністері
Дін өкілінің айтуынша, Мадияр Серікбаев өз фильмдеріне өмірден алынған шынайы оқиғаларды кірістірген.
🔹 Кинодағы қателіктерден сабақ алу – бұл да актердің өз өмірінде кездескен жағдайлардан шабыт алғандығының дәлелі.
🔹 Анасына деген құрметі мен өкініші – өнер адамы болғандықтан, ол көп уақытын сыртта өткізді. Өкінішке қарай, анасы өмірден өткенде ол тек жаназасына ғана қатыса алған. Бұл оқиға да фильмінде көрініс тапқан.
«Өмірде Мадияр өнер деп сыртта көп жүрді. Сол кезде анасы дүниеден өтті. Жаназасына қатысып қана үлгерді. Оны да киносына кірістірген», – деді ұстаз.
қазақ мәдениетідінге бет бұруМадияр СерікбаевОралхан Сейдмановөмірден алынған оқиғаларӨнер қырандарықазақ киносымешіт
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·