Алматының Бостандық ауданында ер адам аялдамада 66 жастағы әйелге шабуыл жасады. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады, оны зардап шеккен әйелдің қызы жариялады. Оның айтуынша, шабуылдаушы жанында адамдар қалмаған сәтті күтіп, ешқандай себепсіз зейнеткерге шабуыл жасаған.
Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын жедел анықтады. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 25 жастағы Илья Терёнов болып шықты.
Анықталғандай, 2020 жылы ол адам өліміне және денсаулыққа ауыр зиян келтіруге байланысты іс бойынша өткен. Сонда екі ер адам ақшаны қайтаруды талап етіп, оның үйіне басып кірген. Жанжал кезінде ол оларға пышақ жарақатын салған. Шабуылдаушылардың бірі қайтыс болып, екіншісі ауыр жарақат алған. Сот қажетті қорғаныс шегінен асып кеткенін мойындап, екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Зейнеткерге шабуыл жасау фактісі бойынша «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Осы бап бойынша ең жоғары жаза екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Тергеу жалғасуда.
Фото: скрин/threads.com/@ilmira.g.a




