Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Абай облысында «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 211 млн теңге жымқыру анықталды

Абай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті прокуратураның үйлестіруімен «Агробизнес» бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын жымқыру ісін тергеуді аяқтады. Тергеу деректері бойынша, «Ықыбай» шаруа қожалығының басшысы жалған құжаттарды пайдаланып, ірі қара мал сатып алу үшін 250 млн теңгеден астам жеңілдікті несие алған, алайда қаражат жеке қажеттіліктерге жұмсалған.

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Абай облысында «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 211 млн теңге жымқыру анықталды

Абай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті прокуратураның үйлестіруімен «Агробизнес» бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын жымқыру ісін тергеуді аяқтады.

Тергеу деректері бойынша, «Ықыбай» шаруа қожалығының басшысы жалған құжаттарды пайдаланып, ірі қара мал сатып алу үшін 250 млн теңгеден астам жеңілдікті несие алған. Алайда қаражат жеке қажеттіліктерге жұмсалған, ал кепілге қойылған мал іс жүзінде сатып алынбаған.

Мемлекетке келтірілген залал 211 млн теңгені құрады. Тергеу барысында ол толық өтелді.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қолхатта қалдыру таңдалды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді. Өзге ақпарат заңнамаға сәйкес жарияланбайды.

Фото: depositphotos

Ұқсас материалдар

Абай облысында «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 211 млн теңге жымқыру анықталды · Todayinfo