Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы зауыттардың бірінде жарылыс болып, кейін өрт шықты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Жергілікті тұрғындар жарылыс дауысын естігенін, содан кейін өрт басталғанын хабарлады. Өрттің нақты қай жерде және не жанып жатқаны әзірге белгісіз болған.
Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) Өскемендегі зауытта болған оқиғаның мән-жайын айтты.
Олардың мәліметінше, алдымен шаң жинау құрылғысында қатты дыбыс шыққан. Осыдан кейін өрт шығып, құрылымның бір бөлігі опырылған.
Оқиға орнына алғашқы бөлімшелер келген кезде, өрт ашық жалынмен жанып жатқан.
Қазіргі уақытта құтқарушылар оқиға орнында жұмысын жалғастырып, зардап шеккендердің бар-жоғын тексеріп жатыр. Жедел штаб құрылған.




