Атырау облысы Жылыой ауданында прокуратура жергілікті әкімдіктің бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау фактісін анықтады, деп хабарлады қадағалау органы.
Прокуратура мәліметінше, 2025 жылғы 17 желтоқсандағы аудандық бюджет комиссиясының шешімімен спорт кешенін сатып алуға 389 млн теңге бөлу мақұлданған.
Алайда тексеру барысында сатып алу жоспарланған нысанның тозған жағдайда екені анықталды. Осыған байланысты оны сатып алғаннан кейін жөндеуге қосымша бюджет шығындары қажет болып, қосарланған қаржыландыруға әкелуі мүмкін еді.
Қадағалау органында мұндай жобаны іске асыру ұтымды жоспарлау және бюджет қаражатын тиімді пайдалану қағидаттарына қайшы келетінін атап өтті.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша тиісті қаржыландыруды тоқтату туралы шешім қабылданды, бұл негізсіз шығындардың алдын алуға мүмкіндік берді.
Прокуратура бюджет заңнамасын сақтау мәселелері ерекше бақылауда екенін атап өтті.
Фото: Freepik




