Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Вандализм үшін 8 миллион теңгеден астам айыппұл: ІІМ ескертуі

Қазақстанда табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргендерге 8,6 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады. Ішкі істер министрлігі вандализм әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Вандализм үшін 8 миллион теңгеден астам айыппұл: ІІМ ескертуі

Қазақстанда табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргендерге 8,6 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы кездері әлеуметтік желілерде танымалдық жинау мақсатында табиғат пен тарих нысандарын бүлдіру оқиғалары жиілеп кеткен.

Осыған байланысты полиция мұндай әрекеттер заңмен қарастырылған жауапкершілікке әкелетінін еске салады. Табиғи ескерткіштер, қорықтар, ұлттық парктер және тарихи нысандар Қазақстанның ұлттық байлығы болып табылады және мемлекет қорғауында тұр.

Жартастарға, ескерткіштерге және басқа да мәдениет пен табиғат нысандарына жазулар жазу, оларды зақымдау – жай ғана ерсі қылық емес, заң бұзушылық болып есептеледі. Ол үшін заңды жауапкершілік қарастырылған.

«Қылмыстық кодекстің 294-бабына сәйкес "Вандализм" үшін мемлекет қорғайтын нысандарды бүлдіргендерге 100-ден 2000 АЕК-ке дейін (2026 жылы 432 500-ден 8 650 000 теңгеге дейін) айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейін қамауға алу, не үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған», — деп ескертті полиция.

ІІМ вандализмнің кез келген түріне қатаң құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында полиция Ыбықты Сай шатқалы аумағында жазу қалдырған ер адамды анықтап, жауапкершілікке тартқан болатын.

Ұқсас материалдар

Вандализм үшін 8 миллион теңгеден астам айыппұл: ІІМ ескертуі · Todayinfo