Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Вашингтондағы ұшақ апаты: Құтқарушылар 41 адамның денесін судан шығарды

Фото: Andrew Harnik / Getty Images Вашингтонда болған жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақ апатынан 41 адамның денесі табылды, деп хабарлайды  Тodayinfo  ақпараттық порталы NBC News-ке сілтеме жасап. Колумбия округінің өрт қызметінің басшысы Джон Доннелидің мәлімдеуінше,

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Вашингтондағы ұшақ апаты: Құтқарушылар 41 адамның денесін судан шығарды
Фото: Andrew Harnik / Getty Images Вашингтонда болған жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақ апатынан 41 адамның денесі табылды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы NBC News-ке сілтеме жасап. Колумбия округінің өрт қызметінің басшысы Джон Доннелидің мәлімдеуінше, өңірдегі қатты тұманға қарамастан қалған 26 адамның денесі іздестіріліп жатыр. Біз 41 адамның дене қалдықтарын алып шықтық. Олардың 28-інің тұлғасы анықталды, - деп атап өтті ол баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ қаза тапқандардың арасында үш сарбаздың екеуінің кім екендігі анықталған. Еске салайық, Вашингтонда 30 қаңтарға қараған түні Рейган атындағы әуежайдан ұшып шыққан жолаушылар ұшағы әскери тікұшақпен соқтығысып, салдарынан Потомак өзеніне құлады.

Ұқсас материалдар

Вашингтондағы ұшақ апаты: Құтқарушылар 41 адамның денесін судан шығарды · Todayinfo