Ватикан жаңа Рим Папасын сайлауға кірісті
7 мамырда Ватиканда жаңа Рим Папасын сайлау үшін жабық шіркеу сайлауы өтеді, деп хабарлайды Todayinfo Catholic News Agency-ге сілтеме жасап. Қазіргі сәтте Әулие Петр шіркеуінде салтанатты месса өтіп жатыр. Басылымының жазуынша, католиктер бүкіл әлем бойынша дұға жасап, кардиналда

7 мамырда Ватиканда жаңа Рим Папасын сайлау үшін жабық шіркеу сайлауы өтеді, деп хабарлайды Todayinfo Catholic News Agency-ге сілтеме жасап.
Қазіргі сәтте Әулие Петр шіркеуінде салтанатты месса өтіп жатыр.
Басылымының жазуынша, католиктер бүкіл әлем бойынша дұға жасап, кардиналдарға – жаңа Папаны сайлау сияқты тарихи жауапкершілік жүктелген жандарға, ерекше ниетпен мінәжат етуде.
Астана уақыты бойынша сағат 18:45-те кардиналдар Әулие Марфа үйінен шығып, Сикстин капелласына жиналады. Бұл – конклавтың ресми басталуы болады.
Конклавқа 133 кардинал қатысады. Жиналыс жабық форматта және қатаң құпия жағдайда өтеді. Басылымның мәліметінше, конклав барысында кардиналдар сыртқы әлемнен айтарлықтай оқшауланады.
Бейсенбіден бастап кардинал-сайлаушылардың күн тәртібіне таңғы месса мен Пауыл III капелласындағы литургия, кейін күндізгі литургия енгізілген. Осы рәсімдерден кейін дауыс беру өтеді.
Осы күндері әлем назары Сикстин капелласының төбесіне орнатылған мұржаға ауады. Астана уақыты бойынша шамамен сағат 15:00 мен 22:00-де мұржадан түтін шығады. Егер ақ түтін көтерілсе, бұл жаңа Рим Папасының сайланғанын білдіреді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·