«Мен жеңіске жеткен партияны құттықтадым. Біз оппозицияда болсақ та, венгр халқына және өз отанымызға қызмет етеміз», – деді қазіргі премьер-министр.Сайлаушылардың 79%-ы қатысқан ірі саяси науқанда «Тиса» партиясы 53,5%, ал «Фидес» 38% дауыс жинады. Енді Петер басқаратын партия парламенттен 138 орын алады. Ал Орбан басқаратын «Фидес» партиясы одағымен бірге 55 орын алды. Айта кетейік, Виктор Орбан Венгрияны 2010 жылдан бері басқарып келеді.
Венгрияны 16 жыл басқарған Орбан сайлауда жеңіліп қалды: оппозиция жеңіске жетті
Венгрия премьері Виктор Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін мойындады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Премьер-министр Виктор Орбан мен оның «Фидес – Венгрия азаматтық одағы» партиясы Венгриядағы 16 жылдық биліктен кейін парламенттік сайлауда оңшыл-центристік «Т
Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу

Венгрия премьері Виктор Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін мойындады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр Виктор Орбан мен оның «Фидес – Венгрия азаматтық одағы» партиясы Венгриядағы 16 жылдық биліктен кейін парламенттік сайлауда оңшыл-центристік «Тиса» партиясына жол берді.
Петер Мадьяр жетекшілік ететін «Тиса» партиясы 199 орынның 138-ін иеленді. Партия ЕО және НАТО-мен тығыз ынтымақтастықты көздейді.
Орбан өз жақтастары алдында сөз сөйлеп, сайлау нәтижесін айқын деп атап, «Тиса» оппозициялық партиясының жетекшісін жеңісімен құттықтады.
Ұқсас материалдар

Әлем
Соғыс кезінде сумен жабдықтауды нысанаға алу тапшылық дағдарысын қалай ушықтырады?
Мұхтар Жексенбай·

Әлем
Румынияда әйелдерді өлтіргені үшін жаза қатаңдатылды: фемицид жеке санатқа бөлінді
Мұхтар Жексенбай·

Әлем
Варуфакис Палатир, жасанды интеллект соғысы және технолордтардың көтерілуі туралы
Мұхтар Жексенбай·

Әлем
Иран сыртқы істер министрі Ресейге келіп, Путинмен кездеседі
Мұхтар Жексенбай·