Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Вьетнам Коммунистік партиясының Бас хатшысы То Лам Қазақстанға келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды қарсы алды, деп хабарлайды Todayinfo Ақордаға сілтеме жасап. Сапар аясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтед

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Вьетнам Коммунистік партиясының Бас хатшысы То Лам Қазақстанға келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды қарсы алды, деп хабарлайды Todayinfo Ақордаға сілтеме жасап. Сапар аясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.
«Құрметті То Лам мырза, еліміздің астанасына қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыздың тарихи маңызы зор және Қазақстан мен Вьетнам арасындағы ықпалдастықты кең ауқымда дамытуға тың серпін береді деп санаймын. Сіздің еліңізге жасаған сапардан үлкен әсермен оралдым. Вьетнаммен түрлі бағыттағы байланысты жан-жақты нығайту тұрғысынан жұмысты жалғастыру қажет деген ойға келдім. Екі ел ынтымақтастығының әлеуеті мол,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Вьетнам Коммунистік партиясы ОК Бас хатшысы То Лам президент Тоқаевқа және Қазақстан халқына шынайы ризашылығын білдірді.
«Ұшақ трапынан қарсы алғаныңыз – біз үшін зор мәртебе. Бұл асқан қонақжайлылықтың және бізге көрсетілген құрметтің белгісі. Қазақстан мен Вьетнамды тамыры терең достық қарым-қатынас байланыстырады»,- деді ол.

Ұқсас материалдар