Жанжал кезінде оны ғимараттан шығарып жібермек болғанда, сыртта тағы бірнеше адамға шабуыл жасаған. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы әзірге белгісіз.
Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, жанжал шығарған адам муай-тай спорт залының иесі әрі байк жалдау бизнесімен айналысады. Бұл мәліметтер әзірге ресми түрде расталмағанымен, оқиға кең талқыға түсті.Жанжалдан кейін жергілікті билік өкілдері Вьетнамда жүрген шетелдік азаматтардың құжаттарын тексеруді бастағаны жөнінде ақпарат тарады. Бұл әрекет экспаттар қауымдастығында алаңдаушылық туғызды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты Вьетнам билігінен ешқандай ресми ақпарат түспегенін хабарлады. Қазіргі уақытта дипломатиялық өкілдік бұл мәселені бақылауда ұстап отыр.Посмотреть эту публикацию в Instagram




