Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Астанада LRT қашан іске қосылады: әкім жауап берді

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жүйесінің пайдалануға толық дайын екенін айтып, жақын арада іске қосылатынын мәлімдеді.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Астанада LRT қашан іске қосылады: әкім жауап берді
📷 Дереккөз: inbusiness.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жүйесінің пайдалануға толық дайын екенін айтып, жақын арада іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

«Астанадағы ЛРТ сынақ пайдалану барысымен, жүйенің негізгі параметрлерімен және инфрақұрылымның дайындығымен таныстым. Сынақ жұмыстары іс жүзінде аяқталды, жүйе пайдалануға толық дайын. ЛРТ-ны жақын арада іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір инфрақұрылым мен абаттандыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде», — деді Қасымбек Instagram-да.

Оның айтуынша, LRT іске қосылған кезде станцияларға кедергісіз қол жеткізу қамтамасыз етіледі. «Абаттандырудың белсенді кезеңі жаз бойы жалғасады. Ең қарқынды жұмыс жүріп жатқан негізгі учаскелердің бірі — Тәуелсіздік даңғылынан «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалына дейінгі аралық», — деп атап өтті әкім.

Жазғы жоспарға жол құрылысы, көгалдандыру (LRT желісі бойында «жасыл дәліз» құру), заманауи жарықтандыру жүйелерін орнату және эстакада астында шағын сәулет нысандарын орнату кіреді. «Станциялардың функционалдық дайындығы жақын арада қамтамасыз етіледі, LRT маршруты бойынша ландшафттық-сәулеттік келбетті кешенді қалыптастыру жазғы маусымның соңына дейін жалғасады», — деп түйіндеді Қасымбек.

Ұқсас материалдар