Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Алматы метросындағы қорғаныс қалқандарын сатып алу неге тоқтатылды?

Алматы метросы 11 станцияға автоматты платформалық есіктер орнату үшін жеті миллиард теңгеге лот жариялаған еді, бірақ сатып алудан бас тартылды.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Алматы метросындағы қорғаныс қалқандарын сатып алу неге тоқтатылды?
📷 Дереккөз: orda.kz

Бұған дейін Алматы метросында қорғаныс шыны қалқандарды орнату жоспарланғаны хабарланған болатын. 28 сәуірде мемлекеттік сатып алу сайтында нәтижелер жариялануы тиіс еді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Алайда лоттың мәртебесі «сатып алудан бас тарту» болып өзгерді. Метрополитен баспасөз қызметінің түсіндіруінше, 16 сәуірде жарияланған лот бойынша 2026 жылы «Абай» станциясында сынақтан өткізу, ал 2027 жылы қалған станцияларда орнату жоспарланған. Бірақ техникалық мамандармен кеңескеннен кейін платформалық есіктерді барлық станцияларда бірден орнату қажет деген шешім қабылданды.

Себебі есіктердің жабдығы электроподвижной құраммен байланысты, ал бағдарламалық жасақтамаға әр уақытта өзгерістер енгізу қымбатқа түседі. Нәтижесінде лот техникалық сипаттамаға өзгерістер енгізу үшін алынып тасталды, қаржыландыру және мерзімдер Алматы әкімдігімен келісіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін метро станцияларында металл қоршаулар орнатыла бастаған. Қауіпсіздік шаралары 2024 жылы болған қайғылы оқиғадан кейін күшейтілді: 26 жастағы көзі нашар көретін Қанат Батқалғазы вагондар арасындағы бос кеңістікті салонға кіру деп қателесіп, рельске құлап қайтыс болған еді.

Ұқсас материалдар

Алматы метросындағы қорғаныс қалқандарын сатып алу неге тоқтатылды? · Todayinfo