Украина НАТО-ға кірмейді, келіссөздер сәтті жүріп жатыр – Дональд Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбритания премьер-министрі Киер Стармермен кездесуінде Украинаның НАТО-ға мүшелікке қабылдануы күн тәртібінен алынып тасталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл мәселе қазір қарастырылмайды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы. Трамптың басты м

АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбритания премьер-министрі Киер Стармермен кездесуінде Украинаның НАТО-ға мүшелікке қабылдануы күн тәртібінен алынып тасталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл мәселе қазір қарастырылмайды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы.
Трамптың басты мәлімдемелері
🔹 Ресеймен келіссөздер сәтті жүріп жатыр – АҚШ президентінің сөзінше, тараптар ортақ мәмілеге жақындап келеді.
🔹 Владимир Путин уәдесін орындайды – Трамп Ресей басшысының Украина бойынша келісім талаптарын сақтайтынына сенімді екенін жеткізді.
🔹 Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету – оңай, бірақ бейбіт келісімге қол жеткізу – қиын – Трамп бұл процестің күрделілігін атап өтті.
🔹 Украинаға қандай да бір бітімгерлік күштерді орналастыру үшін алдымен келісім қажет – АҚШ президенті қазіргі уақытта ондай құжаттың жоқ екенін мәлімдеді.
🔹 Украинадағы қақтығысты реттеу туралы болашақ келісім барлық тараптармен орындалуы тиіс – Трамптың айтуынша, егер тараптар келісімге келсе, оны бұлжытпай сақтау маңызды.
🔹 АҚШ пен Украина сирек кездесетін металдар бойынша келісім жасайды – Трамп пен Зеленский арасында жасалатын бұл келісім Украина үшін "сақтандыру механизмі" болмақ.
🔹 Зеленскиймен қарым-қатынасы "аздап шиеленіскен" – АҚШ президенті Украина басшысымен соңғы уақытта байланыс күрделене түскенін атап өтті.
Бұл мәлімдемелер Украинадағы жағдайдың өзгеруіне және халықаралық қауымдастықтың болашақ қадамдарына қалай әсер ететіні алдағы уақытта белгілі болмақ.
Ұқсас материалдар

Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президентін І дәрежелі Достық орденімен марапаттады
Айғаным Нариманова·

Саясат
Тоқаев пен Кипр президенті екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады
Айғаным Нариманова·

Саясат
«Мы являемся друзьями, братьями»: Токаев и Путин провели переговоры в Астане
Айдар Керім·

Саясат
АЭС құрылысы: Қазақстан мен Ресей стратегиялық келісімге қол қоймақ
Айғаным Нариманова·