Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Унитаз бітеліп қалған: тазалықшы көргенінен шошып, бірден полиция шақырды

Орталық Үндістанның Парасия қаласындағы мемлекеттік ауруханада адам шошырлық оқиға тіркелді. Жергілікті клининг қызметкері мекеменің дәретханасын тазалау кезінде унитаз ішінен жаңа туған қыз баланың денесін тауып алған. Бұл сұмдық жағдай медицина қызметкерлері мен жергілікті тұрғ

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Унитаз бітеліп қалған: тазалықшы көргенінен шошып, бірден полиция шақырды

Орталық Үндістанның Парасия қаласындағы мемлекеттік ауруханада адам шошырлық оқиға тіркелді. Жергілікті клининг қызметкері мекеменің дәретханасын тазалау кезінде унитаз ішінен жаңа туған қыз баланың денесін тауып алған.

Бұл сұмдық жағдай медицина қызметкерлері мен жергілікті тұрғындарды дүр сілкіндірді. Құқық қорғау органдары қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Унитаздан шыққан "сұмдық олжа"

Оқиға 15 желтоқсан күні кешкісін болған. Тазалықшы әдеттегідей жұмысына кірісіп, унитаздың су ағар тұсы бітеліп қалғанын байқайды. Алғашында бұл жай ғана қоқыс деп ойлаған ол, тереңірек үңілгенде кішкентай нәрестенің қолын көріп, есінен тана жаздаған.

Жағдайдың күрделі болғаны соншалық, сәбидің денесін су құбырынан шығарып алу мүмкін болмады. Сол себепті медицина қызметкерлері сантехникалық жабдықты толығымен бұзып, нәрестені алып шығуға мәжбүр болған.

Сәбидің өліміне не себеп болды?

Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысы жарияланды. Мамандардың айтуынша, шақалақтың өліміне өкпенің ісінуі (отек легких) себеп болған. Бұл баланың тірі туылғанын, бірақ тыныс алу жолдарының бітелуінен немесе суда тұншығудан шетінегенін білдіруі мүмкін.

Күдікті ана іздестірілуде

Құқық қорғау органдары күдіктіні табу үшін шұғыл іздеу шараларын бастады. Тергеу барысында анықталған деректер:

  • Оқиға болған күні ауруханаға жоспарлы тексеруге 15 жүкті әйел келген.

  • Олардың 14-і тергеушілердің сұрағына жауап беріп, тексеруден өткен.

  • Алайда бір науқастың тіркеу деректері толық болмай шықты.

Қазіргі таңда полиция аурухана ішіндегі 26 бейнебақылау камерасының жазбаларын мұқият тексеріп жатыр. Жеке басы күмәнді сол бір әйел басты күдікті ретінде қарастырылуда.

Ұқсас материалдар

Унитаз бітеліп қалған: тазалықшы көргенінен шошып, бірден полиция шақырды · Todayinfo