Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Яна Легкодимованың ісін тергеген тергеушінің қызметі өсті

Фото: Атырау облысы ПД Яна Легкодимованың өліміне қатысты істі тергеген тергеуші Темірхан Хажмұратов лауазымы өсіп, мерзімінен бұрын майор болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Атырау облысының полиция департаментінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ере

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Яна Легкодимованың ісін тергеген тергеушінің қызметі өсті
Фото: Атырау облысы ПД Яна Легкодимованың өліміне қатысты істі тергеген тергеуші Темірхан Хажмұратов лауазымы өсіп, мерзімінен бұрын майор болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Атырау облысының полиция департаментінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерекше кәсіби шеберлік пен ерлік танытқан қызметкерлерді марапаттау мақсатында салтанатты шара өткізілді. Марапатталғандардың қатарында арнайы маңызды істер бойынша аға тергеуші, полиция капитаны Темірхан Хажмұратов бар. Оған мерзімінен бұрын полиция майоры арнайы атағы берілді. 2024 жылы із-түзсіз жоғалған Яна Легкодимоваға қатысты аса ауыр қылмысты ашу кезінде тиімді жұмыс істегені үшін Темірхан Хажмұратовтың қызметтік дәрежесі өсті. Құқық қорғау органдарындағы қызметкерлер видеобақылау материалдарын зерттеп, ауқымды жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, екі күдіктіні анықтап, тергеуді толық аяқтады.

Ұқсас материалдар

Яна Легкодимованың ісін тергеген тергеушінің қызметі өсті · Todayinfo