Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 3 жылға сотталуы мүмкін

Ертең сот үкімі оқылады.

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 3 жылға сотталуы мүмкін
📷 Әлеуметтік желідегі парақшадан

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін соттағы жарыссөз аяқталды. Мемлекеттік айыптаушы заңгер Әділетхан Молдаханның бас бостандығын 3 жылға айыруды сұраған.

Журналистің жазуынша, неге екені белгісіз, Әділетхан Молдаханға қатысты іске қылмысты ауырлататын мән-жайлар бойынша тағы бір бап қосылған.

Алмалы аудандық сотында «көрінеу жалған ақпарат таратты» деген айыппен қамауға алынған блогер әрі заңгер өзіне тағылған айыппен толықтай келісетінін мәлімдеген еді.

Ұқсас материалдар