Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Заңсыз сатылған сияқты»: Бельгиялық асырап алған Жәнібек туралы тағы бір шындықтың беті ашылды

instagram.com/muratsaveliev Бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек есімімен белгілі Мұрат Савелиев сәби кезінде заңсыз сатылған болуы мүмкін. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп хабарлайды  todayinfo.kz. Адвокаттың айтуынша, бала асырап алу процесінде заң бұзуш

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Заңсыз сатылған сияқты»: Бельгиялық асырап алған Жәнібек туралы тағы бір шындықтың беті ашылды
instagram.com/muratsaveliev Бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек есімімен белгілі Мұрат Савелиев сәби кезінде заңсыз сатылған болуы мүмкін. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп хабарлайды todayinfo.kz. Адвокаттың айтуынша, бала асырап алу процесінде заң бұзушылық белгілері байқалған.
«Жәнібек – Бельгияда асырап алынған қазақ баласы. Құжаттармен танысу барысында түрлі заңсыздықтар анықталып жатыр. Алғашында ол туған анасын табу үшін Қазақстанға келген, бірақ іздеу нәтижесіз аяқталды», – деп жазды Шекеев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның сөзінше, қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
«Бірнеше ДНҚ сараптамасы жасалғанымен, нақты сәйкестік анықталмаған. Бұл оқиға бойынша Қазақстанда қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деді ол.

Ұқсас материалдар