Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Зеленстрой Семей» екі жыл бойы қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін аудармаған

Семей қаласының прокуратурасы «Зеленстрой Семей» ЖШС қызметкерелріне 2 жыл бойы 69 млн теңгеге зейнетақы мен әлеуметтік аударымдарды төлемегенін анықтады, деп хабарлайды Todayinfo.  Кәсіпорын қаржылық жағынан тұрақты болғанына қарамастан, жұмыс беруші өз еркімен берешекті өт

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
«Зеленстрой Семей» екі жыл бойы қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін аудармаған
Семей қаласының прокуратурасы «Зеленстрой Семей» ЖШС қызметкерелріне 2 жыл бойы 69 млн теңгеге зейнетақы мен әлеуметтік аударымдарды төлемегенін анықтады, деп хабарлайды Todayinfo.  Кәсіпорын қаржылық жағынан тұрақты болғанына қарамастан, жұмыс беруші өз еркімен берешекті өтеу бойынша шаралар қабылдамаған. Сондай-ақ, аталған кәсіпорында 2022 жылдан бастап 319 млн теңгеге салық берешегі болған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 200-ден астам жұмысшылардың құқығы қорғалды. Бюджетке 300 млн теңге салық берешегі өндірілді.  

Ұқсас материалдар

«Зеленстрой Семей» екі жыл бойы қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін аудармаған · Todayinfo