Жағдайын жақсартып алған Жақыпов: «Самұрық-Қазына» төрағасының айлығы Мәжілісте шу болды
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың соңғы үш жылда алған табысына қатысты мәселе көтерді. Оның айтуынша, қор басшысы осы кезеңде 805,9 млн теңге табыс тауып, іс жүзінде миллиардерге айналған, деп жазады Today

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың соңғы үш жылда алған табысына қатысты мәселе көтерді. Оның айтуынша, қор басшысы осы кезеңде 805,9 млн теңге табыс тауып, іс жүзінде миллиардерге айналған, деп жазады Todayinfo агенттігі.
Депутат мұндай табыс көлемі жеке бизнесте қалыпты жағдай саналуы мүмкін екенін, тіпті қоғам кәсіпкерлердің табысын құптайтынын атап өтті. Алайда әңгіме мемлекеттік секторда, оның ішінде квазимемлекеттік құрылымда қызмет атқаратын тұлға туралы болғанда, бұл жағдай қоғамда заңды түрде сұрақ тудыратынын айтты.
Азат Перуашев «Ақ жол» фракциясының бұған дейін бірнеше мәрте квазимемлекеттік секторды, соның ішінде «Самұрық-Қазына» қоры мен ұлттық компаниялардың қызметін парламенттік бақылауға алу жөнінде ұсыныс жасағанын еске салды. Оның айтуынша, аталған құрылымдардың бюджеттері республикалық бюджетпен бірге, кеңейтілген форматта Мәжілісте талқылануы тиіс.
Сонымен қатар Перуашев парламенттің квазимемлекеттік секторды қадағалауда тек ақпарат алумен шектелмей, нақты бақылау тетіктеріне қол жеткізуі қажет екенін мәлімдеді.
Коллаж: Ulysmedia
Ұқсас материалдар

Өзекті жазбалар
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
Айдар Керім·