Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жаһан Отарғалиев жұбайынан сый алып, жылап қалды

Белгілі әзілкеш әрі шоумен Жаһан Отарғалиев Instagram парақшасында жұбайының оған жасаған ерекше тосынсыйымен бөлісті. Бұл сәт желі қолданушыларының көңілін елжіретті,деп хабарлайды Todayinfo. Бейнежазбада Жаһанның жайбарақат отырғаны байқалады. Ал жұбайы толқып, ерекше сәтке дай

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Жаһан Отарғалиев жұбайынан сый алып, жылап қалды
Белгілі әзілкеш әрі шоумен Жаһан Отарғалиев Instagram парақшасында жұбайының оған жасаған ерекше тосынсыйымен бөлісті. Бұл сәт желі қолданушыларының көңілін елжіретті,деп хабарлайды Todayinfo. Бейнежазбада Жаһанның жайбарақат отырғаны байқалады. Ал жұбайы толқып, ерекше сәтке дайындалып тұр.
«Әрдайым мені сен қуантатынсың, енді кезек – менікі», – деп, жолдасының қолына Ұмраға (кіші қажылыққа) жолдама табыстайды.
Бұл күтпеген сый Жаһанның көңілін босатып, ол шынайы сезімін жасыра алмай, көз жасына ерік берді. Әзілкештің бұл бейнежазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жылы пікірлер мен әзілге толы реакциялар тудырды.
«Аяғы ауыр шығар деп ойладық», «Бөпенің шұлығы шығып қалар деп күткенбіз», «Екі жолақ күткендер көп болды», – деген әзілге құрылған пікірлер жазылса, көптеген қолданушылар:
«Алла бәрімізге осындай қуанышты сәттерді нәсіп етсін», «Мұндай сыйлық – жүректен шыққан шынайы қуаныш» деп шынайы лебіздерін білдірді.    
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Жахан Утаргалиев 🎬 (@zhahan_utargaliyev)

Ұқсас материалдар

Жаһан Отарғалиев жұбайынан сый алып, жылап қалды · Todayinfo