Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласында 8 метрге жуықтады

Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында бір тәулікте 13 сантиметрге көтерілді. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 19 сәуір күні сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша Оралда Жайық деңгейі 794 сантиметрге жетті, яғни 8 метрге (қауіпті шегі 850 см) жуықтады. Өзен деңгейі Бәйтерек

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласында 8 метрге жуықтады
Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында бір тәулікте 13 сантиметрге көтерілді.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 19 сәуір күні сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша Оралда Жайық деңгейі 794 сантиметрге жетті, яғни 8 метрге (қауіпті шегі 850 см) жуықтады.

Өзен деңгейі Бәйтерек ауданы Январцев гидробекетінде бірден 28 сантиметрге жоғарылап, 884 сантиметрді (мұндағы қауіпті шегі 1 250 см) көрсетті. Жайық өзені сондай-ақ Көшім (+2, 788 см) мен Тайпақ ауылы (+9, 495 см) тұсында да көтерілуде. Сонымен қатар Көшім каналында су деңгейі 823 сантиметрге жетті (+2, қауіпті шегі — 800). Орал қаласы мен Жайық өзені бойында орналасқан 84 елді мекенге төнген қауіп әлі сейілген жоқ.

Ұқсас материалдар

Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласында 8 метрге жуықтады · Todayinfo