Жамбыл облысында ер адам тойдан қазы мен тойбастар ұрлаған
Фото: полиция департаменті Меркі ауданында полиция қызметкерлері тұрғын үй жайларға ұрлық жасаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Ер адам пластик есікті ығыстыру арқылы тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, алтын әшекейлер, ноутбук және басқа да құнд

Фото: полиция департаменті
Меркі ауданында полиция қызметкерлері тұрғын үй жайларға ұрлық жасаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Ер адам пластик есікті ығыстыру арқылы тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, алтын әшекейлер, ноутбук және басқа да құнды заттарды жасырын ұрлаған.
Сондай-ақ, басқа тұрғын үйдің қоймасынан азық-түлік (жылқы қазысы), тойбастар сыйлықтарын және өзге де заттарды ұрлап кеткені белгілі болды.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 39 жастағы ер адам ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің Тұрғын-жайға заңсыз кірумен жасалған ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·