Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жамбыл облысында мейрамхана өртеніп, 250 адам эвакуацияланды

Жамбыл облысы Бауыржан Момышұлы ауылында 2 қабатты мейрамхана өртеніп, 250 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Todayinfo. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, екі қабатты мейрамхананың шатыры жанып, 400 шаршы метр алаңдағы 2-ші қабаттың шағын залына көшкен. Оқиға орнында ТЖД баст

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Жамбыл облысында мейрамхана өртеніп, 250 адам эвакуацияланды
Жамбыл облысы Бауыржан Момышұлы ауылында 2 қабатты мейрамхана өртеніп, 250 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Todayinfo. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, екі қабатты мейрамхананың шатыры жанып, 400 шаршы метр алаңдағы 2-ші қабаттың шағын залына көшкен. Оқиға орнында ТЖД бастығының басқаруымен өрт сөндіру штабы құрылды.
- Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 60-қа жуық адам, жедел құтқару жасағы, АМО, ТДЖ психологтары және 12 техника жұмылдырылды, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрт салдарынан 4 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның біреуі ауруханаға жатқызылып, көмірқышқыл газымен уланған үш адам дәрігерлердің бақылауына алынды. ✅Өрттің себебі анықталып жатыр.  

Ұқсас материалдар

Жамбыл облысында мейрамхана өртеніп, 250 адам эвакуацияланды · Todayinfo