Todayinfo.kz
БілімБарлық жазбаларды қарау

Жамбыл облысындағы тас жолда 8 көлік тиеген автовоз өртеніп кетті

Фото: скрин с видео Жамбыл ауданында ТЖМ өрт сөндірушілері автокөліктер тиелген автотасығышты өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды  Qaz365.kz. Өрт республикалық "Алматы – Ташкент" автожолының 531-шақырымында болған. «Сегіз жеңіл көлік тасымалдап бара жатқан автовоздың артқы

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Жамбыл облысындағы тас жолда 8 көлік тиеген автовоз өртеніп кетті
Фото: скрин с видео
Жамбыл ауданында ТЖМ өрт сөндірушілері автокөліктер тиелген автотасығышты өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Өрт республикалық "Алматы – Ташкент" автожолының 531-шақырымында болған.
«Сегіз жеңіл көлік тасымалдап бара жатқан автовоздың артқы дөңгелектері өртенген. Өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Құтқарушылар келгенге дейін автовоз жүргізушісі үш жеңіл көлікті түсіріп үлгерген.

Ұқсас материалдар