Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жанар Байсеміз анафилактикалық шоктан аман қалғанын айтты

Белгілі журналист және медиа тұлға Жанар Байсеміз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында анфилактикалық шок алғаны туралы ашық жазды. Оның айтуынша, оқиға 25–26 мамыр күндері болған. Алдымен әдеттегідей базар аралап, өсімдіктер мен азық-түлік алған, содан кейін дәріханадан бұрын

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
Жанар Байсеміз анафилактикалық шоктан аман қалғанын айтты
Белгілі журналист және медиа тұлға Жанар Байсеміз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында анфилактикалық шок алғаны туралы ашық жазды. Оның айтуынша, оқиға 25–26 мамыр күндері болған. Алдымен әдеттегідей базар аралап, өсімдіктер мен азық-түлік алған, содан кейін дәріханадан бұрын қолданған ацикловирдің қаптамасы өзгерген түрін сатып алған,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Сол күні кешке лағман дайындап жеп, ұйықтап қалған журналист түн ортасында іштің қатты ауыруы, қышыну, дененің ісінуі, тіл мен тамақтың жансыздануы сияқты белгілермен оянған. Журналист жазбасында бұл жағдайдың өте жылдам дамығанын айтады. Алдымен алақандары қышып, кейін бүкіл денесі ісініп, дем алуы қиындаған. Есінен танбас үшін жұбайын оятып, жедел жәрдем шақырған. Жағдай тез күрделеніп, қан қысымы күрт төмендеп, реанимацияға жатқызу қажеттілігі туындаған.
«Өлетін жерім осы екен деп ойладым… Өзімді құтқаршы деп, жұбайымнан жалынып көмек сұрадым», – деп жазады Жанар.
Дәрігерлер бұл – анафилактикалық шок, яғни ағзаның аллергенге кенеттен берген қатты реакциясы екенін айтқан. Қазіргі уақытта нақты себебі анықталмаған – бұл ацикловир, омез немесе психологиялық стресс салдарынан болуы мүмкін. Журналист алдағы уақытта арнайы аллергологиялық анализ тапсыратынын хабарлады. Журналист ерекше жайтты бөлісті: сол сәтте ауылда жатқан анасы таңғы сағат бесте шошып оянған екен. Бұл – ана жүрегінің бала өміріндегі қауіпті сезетінін көрсетеді.
«Құдай жанымды сақтады. Мен әлі де өмір сүргім келеді. Мен әлі көп дүние жасауым керек. Мен бұл әлемге керекпін!» – деп аяқтады ол жазбасын.

Ұқсас материалдар

Жанар Байсеміз анафилактикалық шоктан аман қалғанын айтты · Todayinfo