Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жаңа Салық кодексі: Қаңтарда не тапсырып, не төлеу керек

2025 жылдың желтоқсанына қатысты салық есептемелері мен төлемдерін тапсыру мерзімдері қаңтарда бітіп жатыр.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Жаңа Салық кодексі: Қаңтарда не тапсырып, не төлеу керек

2025 жылдың желтоқсан айына қатысты салық есептемелері мен төлемдерін тапсыру мерзімдері қаңтарда аяқталады. Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті күнтізбелі кесте жариялады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Қаңтарда тапсыратын салық есептемелері

15 қаңтарға дейін:

  • 400.00 нысаны — акциз бойынша декларация;
  • 421.00 нысаны — бөлімшелер мен объектілер бойынша есептеме (қараша айы үшін).

20 қаңтарға дейін:

  • 328.00 нысаны — тауарларды әкелу кезінде жанама салықтар бойынша өтінім (желтоқсан үшін).

Қандай төлемдер жасалуы тиіс

5 қаңтарға дейін:

  • Жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін жеке табыс салығы (желтоқсан үшін).

20 қаңтарға дейін:

  • ҚҚС (ЕАЭО аясында) — желтоқсан айы үшін;
  • Акциздер, соның ішінде ЕАЭО елдерінен әкелінген тауарлар бойынша (желтоқсан үшін).

26 қаңтарға дейін:

  • Қаңтар айына арналған корпоративтік табыс салығының аванстық төлемі;
  • 2025 жылдың желтоқсанында төленген резиденттер мен резидент емес тұлғалардың табысы бойынша КТС және ЖТС ұстап қалу;
  • Қызметкерлерін Қазақстанға жіберген резидент емес заңды тұлғалар төлеген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табысына салынатын ЖТС;
  • Арнайы мобильді қосымша арқылы жұмыс істейтіндер үшін арнайы салық режимі аясындағы ЖТС (желтоқсан үшін);
  • Радиожиілік спектрін, жер телімдерін пайдалану, сыртқы жарнама орналастыруға қатысты төлемдер;
  • Әлеуметтік салық, бірыңғай төлем, әлеуметтік аударымдар;
  • МӘМС жарналары мен аударымдары, міндетті зейнетақы жарналары, кәсіби зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің жарнасы (желтоқсан үшін).

Ұқсас материалдар

Жаңа Салық кодексі: Қаңтарда не тапсырып, не төлеу керек · Todayinfo