Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жаңа жыл 2026: мереке кезінде улану мен артық тамақтанудан қалай сақтануға болады?

Жаңа жылды қауіпсіз қарсы алу үшін не істеу керек? Жаңа жыл – қуанышқа толы ерекше кезең. Дегенмен бұл мереке мол тағам мен тәттілерге толы ұзақ отырыстармен де танымал. Мұндай сәттер денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін екенін көп адам ескере бермейді, деп жадады Todayinfo порталы.

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Жаңа жыл 2026: мереке кезінде улану мен артық тамақтанудан қалай сақтануға болады?

Жаңа жылды қауіпсіз қарсы алу үшін не істеу керек?

Жаңа жыл – қуанышқа толы ерекше кезең. Дегенмен бұл мереке мол тағам мен тәттілерге толы ұзақ отырыстармен де танымал. Мұндай сәттер денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін екенін көп адам ескере бермейді, деп жадады Todayinfo порталы.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаев мереке кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен бөлісті. Оның айтуынша, бастысы – дұрыс тағам таңдау мен сақтау талаптарын сақтау.

7 пайдалы кеңес: мерекеден кейін өкініп қалмау үшін

  1. Ауыр тамақтан бас тартыңыз. Майлы ет, торт, майонез қосылған салат пен пиццаның орнына – қайнатылған ет, пісірілген балық, көкөністер мен жеміс-жидекті таңдаңыз.

  2. Тек қажет мөлшерде пісіріңіз. Артық тамақ тоңазытқышта апталап тұрып қалса, улануға әкелуі мүмкін.

  3. Бұзылған тағамды лақтырудан қорықпаңыз. Дастан тыс көп тұрған тәттілер мен салаттардан бірден құтылыңыз.

  4. Сапалы өнім алыңыз. Алдын ала сатып алған тағамдардың жарамдылық мерзімі мен сақтау шартын мұқият тексеріңіз.

  5. Дайын тамаққа сенбеңіз. Тапсырыс берген тағамның тазалығына күмәндансаңыз, қолданбаған дұрыс.

  6. Алкогольге абай болыңыз. Тек лицензияланған дүкеннен, зауыттық қаптамадағы ішімдікті таңдаңыз. Үй жағдайында жасалған алкогольден бас тартыңыз.

  7. “Сыйлық жиынтықтарына” сақ болыңыз. Көп карамель мен күмәнді қоспалары бар тәттілерден балаларды аулақ ұстаңыз.

Маркировка мен сапа – басты назарда

Мерекеде дүкен сөрелерінде "жеңілдікпен" сатылатын, бірақ жарамдылық мерзімі өткен немесе белгісіз өнімдер көбейеді. Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, бұндай өнімдерде жиі:

  • Өндіруші туралы ақпарат болмайды;

  • Жарамдылық мерзімі мен сақтау талабы жазылмаған;

  • Сапа сертификаты ұсынылмайды.

Астанада мұндай заң бұзушылықтар салдарынан бірнеше топтық улану фактілері тіркелген. Ең жиі шағымданатын өнімдер — кондитерлік және аспаздық тағамдар.

Егер дүкен сөрелерінен күмәнді өнім байқасаңыз, СЭС департаментіне немесе аймақтық басқармаларға хабарлауға болады.

Ұқсас материалдар

Жаңа жыл 2026: мереке кезінде улану мен артық тамақтанудан қалай сақтануға болады? · Todayinfo