Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жаңаөзендегі жауыздық: мектеп оқушысын әкесімен бірге ұрып-соққан

Интернаттың 11-сынып оқушысын қатарластары жасөспірімнің шетелдік университетке грантқа түскенін біліп, қызғаныштан ұрып-соққан, деп хабарлайды Todayinfo.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап. Lada.kz жазуы бойынша оқиға Жаңаөзен қаласында болған. Қақтығысқа қатысушылардың барлығы Жаң

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Жаңаөзендегі жауыздық: мектеп оқушысын әкесімен бірге ұрып-соққан

Интернаттың 11-сынып оқушысын қатарластары жасөспірімнің шетелдік университетке грантқа түскенін біліп, қызғаныштан ұрып-соққан, деп хабарлайды Todayinfo.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Lada.kz жазуы бойынша оқиға Жаңаөзен қаласында болған. Қақтығысқа қатысушылардың барлығы Жаңаөзендегі «Білім-Инновация» мектеп-интернатының оқушылары. Оның үстіне, дереккөздердің хабарлауынша, төбелеске себепкер оқу орнының президенті болған. Айтуларынша, жігітті үйінің маңында жиналған жұрт ұрып-соққан. Баланың әкесі көмекке жүгіргенімен, қарсы тұра алмай, соққыға жығылған. Зардап шеккендердің екеуі де қазір ауруханада. Дәрігерлер оларға 11-сынып оқушысы мен оның әкесі түскенін растаған. Маңғыстау облысының полицейлері қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Жанжалға қатысушылардың барлығы анықталды. Кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, – деді полициядағылар.

Ұқсас материалдар