Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Жанқоштың соққысынан кейін жетімдіктің дәмін таттым»: Әнару Құрманәлі сот процесі жалғасып жатқанын мәлімдеді

Әнару Құрманәлі әлеуметтік желіде Жанқош Тұраровқа қатысты жазбаларын қатарынан жариялап жатыр, деп хабарлайды  Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Менің өскен ортама тоқталсам, анам – ерекше жан еді. Ол адал, мейірімді, ақылды, таза жүректі адам болатын. Оның қандай екенін бүк

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Жанқоштың соққысынан кейін жетімдіктің дәмін таттым»: Әнару Құрманәлі сот процесі жалғасып жатқанын мәлімдеді

Әнару Құрманәлі әлеуметтік желіде Жанқош Тұраровқа қатысты жазбаларын қатарынан жариялап жатыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

«Менің өскен ортама тоқталсам, анам – ерекше жан еді. Ол адал, мейірімді, ақылды, таза жүректі адам болатын. Оның қандай екенін бүкіл Қазақстан біледі. Анам өмірін жақсылыққа, адамдарды қолдап, дамытуға арнады. Мені үйден шығармай, үнемі қасында ұстады. Мен тап-таза отбасында өстім. Кішкентай кезімнен үй шаруасын атқарып, тамақ әзірлеп, 8-9 жасымда базардан 5-10 кило азық-түлік тасып, сауда жасайтынмын. Анамның кішкентай көмекшісі болдым. Кейін 11-сыныпты бітіріп, Алматыға оқуға түстім. Бірақ сол Алматыға бармағанымда ғой... Алматыда оқуды бастағанда, 3-курсқа өткен кезімде, Оралда анамның жанында болсам, ол ауырмас еді. 2016 жылы, небәрі 3-4 айдың ішінде анамның қан рагы – лейкозға шалдыққаны белгілі болды. 20 жасқа енді аяқ басқанымда анамнан айырылдым», – деп егіле еске алды Әнару Қалдыбекқызы.

Оның сөзінше, анасы қайтыс болғаннан кейін Жанқоштың қолынан таяқ жеп, жетімдіктің, әділетсіздіктің, бақытсыздықтың не екенін түсінген.

«Ал сот ісіне келсек, процесс әлі жалғасуда. Адвокаттарым өз жұмыстарын мұқият әрі кәсіби атқаруда. Ендігі жерде бәрі Алланың қолында. Анамның әруағы мені қорғап жүр. Басымнан кешкен азаптың түрі жоқ, бірақ осының бәрінен аман шығуым – таза жүрегімнің және Алланың, анамның қорғауының арқасы деп санаймын», – деді ол.

Ұқсас материалдар

«Жанқоштың соққысынан кейін жетімдіктің дәмін таттым»: Әнару Құрманәлі сот процесі жалғасып жатқанын мәлімдеді · Todayinfo