Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

24 Мамыр, 2025

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды
  • Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді
  • Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген
  • Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты
  • Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 25 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Күндік табысы 10 мың теңгеден кем болмауы керек»: Жамбыл облысында студенттік құрылыс жасағын құрылады

«Күндік табысы 10 мың теңгеден кем болмауы керек»: Жамбыл облысында студенттік құрылыс жасағын құрылады

29 апреля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жамбыл облысында Студенттік құрылыс жасағын құру бойынша арнайы штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Биыл аймақта «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Студенттік құрылыс жасағын құру бастамасы қолға алынды. Бұл бойынша сәуір айының басында Серік Сәлемовтың төрағалығымен штаб отырысы өтіп, жауаптыларға аталған іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылуы үшін жұмысшы қауіпсіздігін сақтау, еңбек шартын даярлау, жұмыс күшін қабылдауға әзір мердігерлер қатарын арттыру сынды бірқатар міндет жүктелген.

Бүгінгі кезекті басқосуда осы тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Жиында «Ауыл» партиясы облыстық филиалының аппарат басшысы Әйгерім Сәрсенбаева бір ай ішінде атқарылған жұмыстарды баяндады.

«Құрылыс жасақтарының дайындық кезеңіне қатысты бірқатар оң шешім қабылданып, құжаттары дайындалды. Тарқата айтсам, студенттік құрылыс жасақтары жұмысының тұжырымдамасы, еңбек шарты және меморандум үлгісі әзірленді. Құрылыс компанияларының өзара міндеттемелерін нақтылау бойынша келісімге келдік. Барлық құжаттар заң талаптары аясында рәсімделіп, келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар студенттерге арнайы құрылыс формасын тігу мәселесі қарастырылып, 50 форма эскизге сәйкес тігілетін болды. Бір арнайы киімнің бағасы 15 500 теңгені құрап отыр. Тағы бір айта кетерлігі, студенттердің еңбек қауіпсіздігі бойынша оқудан өту мәселесі реттелді. Әр жоғарғы оқу орны өз білімгерлерінің оқу ақысын төлейді. Бұл қызметті «Мұхамедқали» жеке кәсіпкерлігі іске асырады. Бір студентті оқыту бағасы – 8 000 теңге. Оқу бағдарламасы біткеннен кейін жоғары оқу орындарында кездесулер өткізіліп, Ш. Мұртаза атындағы ХТУ-да 40 студентке, ал Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде 10 студентке арнайы куәлік беріледі», — деді Әйгерім Сәрсенбаева.

Бүгінгі күні жастарға жұмыс ұсынып отырған «Авангард» ЖШС және «Ариас Строй Проект» ЖШС секілді компаниялар құрылыс жасақтарын арнайы формамен қамту мәселесін мойнына алған. Сонымен қатар 6 сағаттық жұмыс күні, түскі ас, күндігіне 8 мың теңге жалақы беруге міндеттелмек. Меморандумда көрсетілгендей, «Ауыл» партиясы облыстық филиалының өкілі мердігерлермен тиімді уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті.
Бұдан кейін құрылысшылар жасағының құрамын нақтылау мәселесі бойынша жиын қатысушыларының пікірі тыңдалды.

Осы тұрғыда Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ұйымдастыру мәселесін қолға алмағаны белгілі болды. Ал ТарУ басшылығы студенттерге күндігіне 8 мың теңге жалақы аздық ететінін айтты.
Өз кезегінде штабтық отырыстың төрағасы Серік Сәлемов әлеуметтік жобаны іске асыру бойынша жастар арасында насихаттау жұмысын жүйелі түрде жүргізу керектігін ескертіп, жалақы мәселесі жөнінде қосымша келіссөз жүргізу қажет екендігін жеткізді.

«Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде бүгінгі күні 2 мыңға жуық студент оқиды. Соның ішінде жаз айында бос уақытын тиімді пайдаланып, табыс тапқысы келетін жастардың болмауы — адам сенгісіз дүние. Жастарға түсіндіру, насихаттау жұмысы жеткіліксіз болып тұр. Сол үшін де бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Ал, жалақы мәселесін мердігерлермен бірге қайта қараған дұрыс. Өйткені, студенттердің күндік табысы 10 мың теңгеден кем болмауы керек. Жастарды қолдауға арналған әлеуметтік жобаны тиімді үйлестіру маңызды. Сондықтан оларға барынша жағдай жасап, өзімізде алып қалудың тетіктерін дұрыс пайдалана білген жөн», — деді Серік Сәлемов.

Аталған бастаманың ашылу салтанаты 30 мамырға белгіленген. Оған дейін облыс әкімінің орынбасары жиында айтылған мәселелер шешілуі керектігін қатаң ескертті.

Фото: Юрий Ким

Оқылып жатыр

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

Онлайн супермаркет арқылы 800 мың қазақстандық азық-түлік пен тауар сатып алды

Соңғы жазбалар

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

24 Мамыр, 2025

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

24 Мамыр, 2025

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.